Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Елімізде ұн тапшылығы күтілуде

Танымал

Ел аузында

Диірменшілер Қазақстанда астық тапшылығымен бетпе-бет келгенін, оның құнының қымбаттағанын мәлімдеді, ElDala.kz басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық диірменшілер қоймада шамамен бір жарым аптаға дейін жететін бидай қалғанын, содан кейін диірмендерін тоқтатуға мәжбүр болатынын айтады. Бұл туралы Қазақстанның астық өңдеушілер одағы хабарлады.

Бидайдың құны тоннасына 160 мың теңгеге жетеді, ішкі нарықта оның тапшылығы байқалады. 

«2-3 аптадан бері астықты сатып ала алмай отырмыз, ұсыныстар жоқ. Бір тоннасы 142 мың теңге баға болды, астық сатылмады, 150 мың теңге сатылмады, қазірдің өзінде 160 мың сатылмай жатыр. Қазір, бағасы 160 000 теңге болса, астықты жеткізу үшін элеваторда тоннасына 8 мың теңге алады, диірмендегі бағасы 168 мың теңге болады. Мұндай шикізат құнымен ұнның бағасы 224 мың теңгеге жетеді. Біз, сәйкесінше, 235 мыңнан сатамыз. Яғни, ұнның қымбаттайтынын ескеруіміз керек. Шикізат өнімнің негізгі құнының 85 пайызын құрап отыр», –  деді Талғатбек Әлихан, Астық өңдеушілер одағының вице-президенті.

Диірменшілер ауыл шаруашылығы министрлігінен Қазақстаннан бидай экспортын жауып, қорларды түгендеуді талап етіп отыр.

Бұған дейін ішкі нарықтағы бағаны қазақстандық ұн өндірушілер пайдаланған арзанырақ ресейлік бидайдың импорты ұстап тұрған. Енді Ресей астық экспортын толығымен тоқтатқаннан кейін зауыттар да жұмысын тоқтата бастады.

2022 жылдың наурыз айында Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган астық тапшылығы туралы мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...