Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Желіде тарап кеткен қандай деректерді дереу өзгерту керек? Сарапшы жауабы

Танымал

Ел аузында

Жеке деректер Желіде тарап кеткен жағдайда қандай деректерді шұғыл өзгерту керек екенін ресейлік киберқауіпсіздік және алаяқтықпен күрес жөніндегі сарапшы Алексей Сизов айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Радио Sputnik» сайтына сілтеме жасап.

«Көпшілігімізде аты-жөніміз, телефон нөмірлеріміз, тұратын жеріміз және т.б. ақпараттар қаскөйлерге қолжетімді болуы мүмкін деген ой болуы керек. Кейде деректердің тарап кетуі ондаған жыл бойы пайдаланып жүрген телефон нөмірді өзгертуге себеп болмайды. Біз өзіміз де бұл ақпаратты әртүрлі ресурстарға жиі қалдырамыз», – деді Алексей Сизов.

Бірақ кейбір деректер тарап кеткен жағдайда міндетті түрде өзгертілуі керек, дейді сарапшы.

«Пошта жүйесі деректеріне қауіп төнген жағдайда, оның да, сол логин ақпараты қолданылатын басқа қызметтердің де құпиясөзін өзгерткен дұрыс. Қаржылық зиян келтіруі мүмкін деректерді мұқият бақылау керек. Мұндай деректер базасында (ұрланған жеке ақпарат – еск.) банк карталары немесе басқа банк деректемелері, соның ішінде құпиясөздер туралы деректер болса, оны дереу өзгерту керек», – деп кеңес береді Алексей Сизов.

Ірі компанияларда да жеке деректердің тарап кеткен жағдайлары бар. Сизовтың айтуынша, мұндай компаниялар бұл туралы өз тұтынушыларына хабарлайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысының Атбасар қаласында жалғасуда

Атбасардағы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына екі мыңнан астам адам, оның ішінде қала және аудан тұрғындары, қаланың барлық ұйымдары мен...