Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9.8 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
29 C
Shymkent

Қазақстандық сарапшылар доллар бағамына болжау жасады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық қаржы сарапшылары осы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы қайта құлдырайтынын болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Сарапшылар мұның себебін теңгенің рубльмен байланысын сақтауы деп есептейді. Бұған қоса олар Ресейде енді өздерінің валютасын қолдауға бағытталған шаралар жүргізілмейтінін айтады. 

“Соңғы кездері ұлттық валюта мұнай бағасы мен басқа да факторлардан гөрі рубльдің долларға шаққандағы бағамына тәуелді. Ресейдің Орталық банкі валюталық операцияларға қатысты бірқатар шектеулерді алып тастады. Енді елде еуроны да, долларды да қолма-қол ақшамен сатып алуға болады, бірақ белгілі бір шек сақталады. Сонымен қатар брокерлер арқылы шетел валютасын сатып алу үшін 12% комиссия жойылды. Мұның барлығы рубльдің долларға шаққанда әлсіреуіне әкеледі. Дәл осы ақша-несие саясаты қазір көрші ел үшін тиімдірек”, – дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

Еске салайық, өткен аптада елімізде доллар бағамы төмендеген еді. Қазақстан қор биржасының мәліметіне сүйенсек, қазір (11 сәуірде) 1 доллар 446,04 теңгеге тең. 

Дегенмен Қазақстан қаржыгерлері мамыр айының басына қарай елде доллар ресми түрде 473 теңгеге жуықтайды деп болжап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Magic 7 Pro 2025 жылғы Алматы жартылай марафонының сәттерін түсіреді

Кәсіби фотографтар HONOR Magic 7 Pro камераларына алматылық жүгірушілердің 9000-нан астам суретін түсірді HONOR жаһандық технологиялық бренді 20 сәуірде мыңдаған...