Ләйлә Сұлтанқызы продюсер ретіндегі алғашқы жұмысын еске алды. Ол осыдан 20 жыл бұрын әнші Алмас Кішкенбаевтың «Мәңгілікке» атты бейнеклипін 5 мың долларға түсіргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Сол кезде бүкіл арналар тізесін шығарғанша эфирге қойған еді. 20 жылға жуық уақыт өтсе де, өте сапалы жасалған туынды екенін мойындау керек. Ләйләнің продюсерлік жұмысы осы әнмен басталған», – дейді Сұлтанқызы.
Оның сөзінше, клипке кеткен қаражат 10-20 есе болып қайтқан. Сол кезеңде Кішкенбаев сұраныстағы әнші болғандықтан, стадион толы көрермен жинағанын еске алды.
«Міне сол клип. Бос көшедегі Алмастың жүгіріп жүргенін түсіру үшін таңғы 5.00-де түсірілім басталатын. Ең әдемі «Самал» ауданында түсірілді. Образ, имиджге қарасаңыз, жас Биланды көруге болады. Құлақтағы сырға ше? 5 карат еді ғой кадрда. Қызығы ол кезде мұндай дүниені қатты хейтить етпейтін», – дейді Сұлтанқызы.