Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.8 C
Nur-Sultan
15.8 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Ләйлә Сұлтанқызы продюсер ретіндегі алғашқы жұмысын еске алды

Танымал

Ел аузында

Ләйлә Сұлтанқызы продюсер ретіндегі алғашқы жұмысын еске алды. Ол осыдан 20 жыл бұрын әнші Алмас Кішкенбаевтың «Мәңгілікке» атты бейнеклипін 5 мың долларға түсіргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сол кезде бүкіл арналар тізесін шығарғанша эфирге қойған еді. 20 жылға жуық уақыт өтсе де, өте сапалы жасалған туынды екенін мойындау керек. Ләйләнің продюсерлік жұмысы осы әнмен басталған», – дейді Сұлтанқызы.

Оның сөзінше, клипке кеткен қаражат 10-20 есе болып қайтқан. Сол кезеңде Кішкенбаев сұраныстағы әнші болғандықтан, стадион толы көрермен жинағанын еске алды.

«Міне сол клип. Бос көшедегі Алмастың жүгіріп жүргенін түсіру үшін таңғы 5.00-де түсірілім басталатын. Ең әдемі «Самал» ауданында түсірілді. Образ, имиджге қарасаңыз, жас Биланды көруге болады. Құлақтағы сырға ше? 5 карат еді ғой кадрда. Қызығы ол кезде мұндай дүниені қатты хейтить етпейтін», – дейді Сұлтанқызы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...