Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1988-1992 жылдары Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-1999 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2002 жылдың қыркүйегінен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министр болды. 2008 жылдың қаңтарынан бері – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...