Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Головкин Муратаға белбеуін сыйлады. Бұл нені білдіреді?

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин таяуда жапон Риота Муратаны жеңіп, IBO мен IBF белбеулеріне WBA титулын қосты. Дегенмен, жекпе-жектен соң Головкин WBA белбеуін Муратаға қайтарып берген. Кей жанкүйер Головкиннің бұл әрекетін түсінбей, «GGG титулдан бас тартты ма?» деп сұрап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі WBA белбеуіне қатысты жағдайды түсіндіреді.

Жекпе-жектен кейін Головкин Мурата отырған бөлмеге барып, оған WBA белбеуін сыйлады. Бұл белбеуді GGG Муратадан жеңіп алған болатын. 

«Бұл – өмір бойына сенің белбеуің», – деген еді Головкин қарсыласына. 

Осы ақпараттан кейін қазақстандық жанкүйерлер «Головкин WBA титулынан бас тартты ма?» деп алаңдап жатыр. Жоқ, WBA титулы Головкинде қала береді. 

Бұл белбеулерді ұйым әр чемпионына арнап жасатады. Әр титулда чемпионның есімі жазылады. Головкин WBA титулын иеленген соң, ұйым оған жаңа белбеу береді. Ал ескісі Муратада қалады. 

Бұл – кәсіпқой бокста қалыптасқан жағдай. Мысалы, былтыр украиналық боксшы Александр Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуаны жеңген кезде қарсыласына чемпиондық белбеулерді қайтарып берген. Сол кезде ұйымдар Усиктің есімі жазылған жаңа белбеу дайындаған еді. Усик бұл белбеулерді былтыр қыркүйекте иеленгенімен WBA Super белбеуі оған биыл ақпанда берілген еді. Ал 2014 жылы ресейлік Сергей Ковалев америкалық Бернард Хопкинсті жеңген кезде де солай істеген. Кейін Ковалев мұны түсіндірген еді. 

«Қазір белбеулерім өзімде емес, оны Хопкинске қайтарып беруім керек болды, себебі белбеулер оның меншігі. Белбеулер медаль екенін жақында ғана түсіндім. Мысалы, Олимпиадада төрт жылдан кейін сенің спорт түрінде біреу топ жарса, алтын медаліңді тартып алмайды ғой. Мұнда да солай. Саған есімің жазылған белбеуді береді, ол сенде мәңгіге қалады. Бұл Бернардтың белбеулері еді, енді маған жаңасын жасайды және ол өмір бойына менде болады», – деген еді Ковалев сол кезде «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.  

WBA арнайы белбеулер жасауға құмар

Үлкен жекпе-жектер өткен кезде WBA арнайы белбеулер шығарады. Мысалы, 2017 жылы Головкин мексикалық Сауль Альвареспен алғаш рет жұдырықтасқанда WBA арнайы белбеу дайындаған еді. 

Онда екі боксшының да суреті қойылған. Оны WBA президенті Жилберто Мендоса Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған болатын.

Жақиянов та арнайы белбеу алған

2017 жылы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов аса жеңіл салмақта WBA Super белбеуін иеленген. Сол кезде WBA Жақияновтың есімі жазылған белбеу дайындаған еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...