Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Салынып жатқан үй кенже ұлдікі»: Айқын Төлепберген балаларына қандай мүлік қалдырғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Айқынның қазір салап жатқан үйі екіқабатты. Екіқабатты үйдің әр қабаты 190 шаршы метрден, жалпы ауданы – 380 шаршы метр. Үйде төрт жатын бөлме, бір зал мен қосымша екі бөлме бар. Айтуынша, бұл үйді болашақта кіші ұлы Санжарға қалдырады. Сондай-ақ, өнер иесі бірінші некесінен туған балаларын да ұмытқан емес. Ол әр перзентіне бір-бір үйден қалдырған. 

«Басында ондай мақсат болған жоқ. Бір үй аласың, ақша жинап басқа үй аласың. Үйді ауыстырып келіп, әрқайсысына бір үйді жазып бердім. 
Екі отбасы деген сияқты отбасылық жағдайлар болды», – деді Айқын.
Әншінің сөзінше, қазіргі уақытта той мен концерттен тапқан бар табысы үйдің құрылысына кетуде.

Сондай-ақ, әнші Америкаға сапары жайлы баяндады. 

«Ол жаққа екі аптаға демалуға барамын деп билет алып қойғанмын. Сол жақтағы қазақ бауырлар хабарласып, концерт жасауды ұсынды. Жарайды деп келістім. 

Майами, Лос-Анджелес, Нью-Йоркте қазақ жастарына арнап Party жасадық. Бір жағынан кішкене өкіндім. Дұрыс демалыс болмады. Америка үлкен ғой, бір қаладан екінші қалаға 5 сағат ұшасың. 
Американың ішінде 25 сағат ұшып тастадым. Ол жаққа жетудің өзі ұзақ. Оның үстіне, екі кішкентай бала бар. Сол жағынан қиналып қалдым», – деп бөлісті Айқын.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...