Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктердің тізімі белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының көп көлемі игерілмеген министрліктерді атады. Олар – денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.

«Орындалмаған қаржы 20 миллиард теңге, оның 5 миллиард теңгесі – үнемдеу. 15 миллиард теңге игерілмеді. Қаржы игерілмеудің ең көп көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде», – деді ол.

Министрдің айтуынша, бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарттар жасасудың ұзақ мерзімді рәсімдері, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...