Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Жазира Байырбекова: Әділетті басшы, еңбеккор халқы болса, бізде кедей отбасы болмайды

Танымал

Ел аузында

Жазира Байырбекова Египет еліне саяхат жасады. Әнші жергілікті халықтың жағдайын көріп, қазақстандықтардың тұрмысы әлдеқайда жақсы екенін алға тартты. Айтуынша, біздің елде кедей халық болмауы үшін басшы әділетті, ал жұрт еңбекқор болуы керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Египетте адам саны 100 млннан асады. Каир қаласының өзінде 20 млн халық тұрады екен. Үйсіз отбасы көп. Cудың жағасында қайықта бала-шағасымен тұрып жатқандарды да көрдік.

Қазақстан ексең егінін беретін, өсірсең малы өсетін, қазсаң мұнайы шығатын берекелі жерге орналасқан. Әділетті басшы, еңбеккор халқы болса бізде кедей отбасы болмайды. Аллаға шүкір деңіздерші», – деп жазба қалдырды Байырбекова желідегі парақшасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...