Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз»-дың басшысы болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен ҚР президентінің әкімшілігімен және ҚР үкіметінің келісімі бойынша Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді.

Ол бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Бұл қызметке дейін Мырзағалиев 2021 жылдың қыркүйегінен бастап энергетика министрі болса, одан алдын 2019 жылдың маусымынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...