Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9.8 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
29 C
Shymkent

Ресей «Сармат» зымыранын сынақтан өткізді

Танымал

Ел аузында

Ресей қорғаныс министрлігі Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында «Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыраны (ҚБЗ) сәтті ұшырылғанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ведомство бұл мемлекеттік сынақ бағдарламасындағы алғашқы ұшырылым екенін нақтылады.

«Ұшыру тапсырмалары толық көлемде орындалды. Барлық кезеңде жобалық сипаттамалар расталды. Оқу-жаттығу оқтұмсықтары Камчатка түбегіндегі Кура полигонындағы белгіленген аумаққа келді», – деді Ресейдің әскери ведомство өкілдері.

Сынақтар, пресс-релизге сәйкес, оны жасау кезінде белгіленген «схемалық-құрастыру және техникалық шешімдердің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді».

«Сармат» сынақтан өткеннен кейін стратегиялық Зымыран күштері құрамына пайдалануға беріледі деп күтіледі. Красноярск маңындағы Ужур зымыран құрамасының бас полкі кешендермен жабдықталады.

«Сармат» – стратегиялық зымыран жүйесі. Ресей қорғаныс ведомствосы өкілдерінің айтуынша, бір зымыранның салмағы 200 тоннадан асады. Кешен Ресей Федерациясының стратегиялық зымыран күштеріндегі «Воевода» зымырандарын алмастырады.

«Бұл шын мәнінде бірегей қару Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік әлеуетін нығайтады. Ресейдің қауіпсіздігін сыртқы қауіптерден сенімді түрде қамтамасыз етеді», – деді Ресей президенті Владимир Путин сынақты тамашалау кезінде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...