Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Павлодарда тағы да мектеп өртенді: 500-ден аса мектеп оқушысы өз бетінше эвакуацияланды

Танымал

Ел аузында

Бүгін таңертең Павлодарда мектеп өртенді. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті ауыздықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Өрт қаладағы Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы №28 орта мектептің төрт қабатты ғимаратында болды.

Өрт екінші қабатта тұтанып, шатырға таралып, шамамен 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 мектеп оқушысы бар.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері жұмыс істеуде: 12 техникада, бір көлікте медициналық апат орталығының 4 қызметкері бар.

«Өрт әлі сөндірілмеген. Оның себебі мен қанша шығын келгені анықталуда», – делінген облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ,  Павлодарда бір апта бұрын ғана №1 орта мектепте өрт болған еді. Салдарынан бес мектеп оқушысы зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...