Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін бақытсыз еткен жанды кешіргенін айтты

Танымал

Ел аузында

Жұлдыз Әбдікәрімова сырлы тақырыпта поэзия оқып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өзіңді ренжіткен адамды кешіре білу, әрі қарай бақытты өмір сүру туралы сыр шерткен актриса жеке өмірі жайлы айтты, деп топшылады жұрт. 


Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жыр шумақтарын оқыған видеосын жариялады. 

«Босаттым ішімдегі бір адамды 
Кешірдім кінәларды, күнәларды.
Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды, 
Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды.

Болса екен ұзағынан осы күндер, 
Бәлкім ел қателік-ау шешімің дер. 
Ей адамдар, бақытты болғың келсе, 
Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер», – деп сыр шертті Жұлдыз.

Көпшілік актриса өзінің жеке өмірі жайлы айтты деп түсінді. 

«Дұрыс айтасың, қызым. Кең болсаң, кем болмайсың деген. Балаларың үшін кешірімді бол», «Өзіңіз туралы айтып тұрған сияқтысыз», «Ең дұрыс шешім», – деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...