Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды – Антикор

Танымал

Ел аузында

Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.

«Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...