Доллар бағамы 444 теңгеден төмен түсті

Танымал

Ел аузында

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге төмендеп, 443,99 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 22 сәуірдегі ресми бағамы 444,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,43 теңге, сату – 448,29 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,87 теңгеден сатып алынып, 446,39 теңгеден сатылып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...