Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Әлихан Смайылов БҚО-дағы күре жолдарға қатысты тапсырма берді

Танымал

Ел аузында

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдауды тапсырған болатын.

«Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 миллиард теңге көзделген, егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автомобиль жолына арнайы 6 миллиард теңге қарастырдық. Жолдарды жөндеу жұмыстарын 2002-2023 жылдары аяқтау қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы облыс әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар премьер-министр облыс балабақшаларында 11 мыңнан астам адам кезекте тұрғанын, алты апатты және үш ауысыммен оқытатын үш мектеп бар екенін атап өтті. Кейін Орал қаласында үш ауысыммен оқытуды жою шаралары аясында іске қосылған 300 оқушыға арналған №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне барып, «Білімді ұлт» ұлттық жобасында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар көзделгенін атап өтті. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...