Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ БАСПА ІСІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Танымал

Ел аузында

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде баспа ісі мамандығы бойынша студенттер арасындағы V республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Баспагер-редактор мамандарын даярлауда, олардың кәсіби әрі шығармашылық білігін арттыратын олимпиадаға 8 құрама қатысып өз бағын сынады. Әділқазылар алқасының төрағасы «Фолиант» баспасының директоры Исабеков Нұрлан Сәрсенбіұлы ашылу салтанатында Қазақстанның баспа саласын дамытатын жастар, оның ішінде баспагер студенттер екенін алға тартты. ЕҰУ-дың Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі.


– Жыл сайын баспа ісінің студенттеріне арналған пәндік олимпиада әр жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Міне, бүгін бесінші пәндік олимпиаданы ұйымдастыру Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне бұйырып отыр. Сондықтан, білім додасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік тілейміз. Алатаудан ат арылтып, ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының келіп отырғаны да көңілге қуаныш сыйлайды, – деді факультет деканы.


Төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың шарттары болашақ баспагер-редактордың білімін молайтып, білігін арттыруды көздейді. Атап айтар болсақ, кітап жарнамасы Book-trailler түсіру, кітап мұқабасын әзірлеу, баспа ісінің негіздері пәнінен тест тапсыру, редакциялау бойынша сыннан өтті. «Фолиант» баспасының директоры Исабеков Нұрлан, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиал басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, «Кәусар» баспасының құрылтайшысы, директоры Қуат Құрмансейіт және т.б. әділқазылар алқасының бағалауымен жүлделі орындар тапсырылды.


Жан-жақты сарапқа салынып, әділ бағасы беріліп олимпиадада білімі мен білігі мол екенін көрсеткен студенттерге арнайы диплом тапсырылды. Сонымен қатар, сайыста бақ сынаған 8 топтың ішінен 3-орынды «Книжные серферы» (ҚазҰУ) құрамасы, 2-орынды «Сұңқар» (ЕҰУ) құрамасы иеленді. Ал, жүлделі І-орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттерінен құралған «Күншығыс» құрамасы қанжығасына байлады. Білімі мен кәсіби біліктілігі сынға түскен байқауда баспагер-редактор студенттер аянып қалмады. Тартысқа толы болған V республикалық баспа ісі пәндік олимпиадасы жоғары деңгейде өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...