Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Жігіттерді әскерге күшпен әкетіп жатыр»: Әлеуметтік желідегі видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде жігіттерді күшпен көлікке отырғызған полицейлердің видеосы қызу талқыға түскен еді. Видео авторы оларды әскерге алып бара жатқанын айтқан. Кейін бұл туралы Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкентте жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізді. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының шақыртулары бойынша келмей, шақыртудан жалтарған мерзімді әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 әскерге шақырылушыәскери комиссариатқа күшпен жеткізілді», – делінген хабарламада.

Министрлік рейдтердің қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскерге шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағым түспегенін айтты.

«Сонымен қатар көбінесе көрсетілген мекен-жайда тұрмайтын, ата-аналары жасырып жүрген әскерге шақырылушыларға шақыру қағазын беру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Шымкент қаласында 300-ден астам әскерге шақырылған сарбаз шақырту алған. Бірақ олар медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмейді», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомство медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен еді. Кадрлардан ер адамды күшпен көлікке мінгізіп жатқанын көруге болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...