Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Венгрия ресейлік газды рубльмен сатып алуға келісті

Танымал

Ел аузында

Венгрия билігі Ресейдің газ бен мұнайды рубльмен сату жүйесін қабылдады, – деп хабарлайды NU сайты.

Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлімдеді. Оның айтуынша, Венгрияда «басқа таңдау жоқ», өйткені ел газдың 85 пайызын және мұнайдың 65 пайызын Ресейден алады.

«Газдың 85 пайызы, мұнайдың 65 пайызы Ресейден келеді. Неге? Өйткені оны инфрақұрылым анықтайды. Мұндай жағдайды біз таңдаған жоқпыз, бұл көңіл көтеру үшін емес», – деді ол CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Сийярто Венгрияда алдағы бірнеше жылда ресейлік энергия ресурстарын импорттауды тоқтатуға мүмкіндік беретін балама көздер жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел билігі ресейлік газдың ақысын төлеу үшін «Газпромбанкте» еуроны рубльге айырбастап жатыр.
 
Венгрия сыртқы істер министрі Болгария арқылы транзитпен елге газ жеткізу қалыпты режимде жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдері мен АҚШ-қа көгілдір отынды Ресей рублімен сату туралы шешімін жариялаған болатын. Путин Ресей табиғи газды бұрын жасалған келісімшартта бекітілген көлем мен баға белгілеу қағидаттарына сәйкес жеткізетінін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...