Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Antares Limited қаржылық пирамидасын анықтады. Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салса инвестицияның 0,5-2 пайызы күнделікті өсіп отыратынын айтып уәде берген», – делінген хабарламада.

Бүгінде сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қаржы мониторингі агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға, қаржы пирамидасына шақыратын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды. Қаржы пирамидаларының басты мақсаты өз капиталын тез көбейтуді ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...