Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

Швейцария ресейлік көмірді импорттауға тыйым салды

Танымал

Ел аузында

Швейцария билігі Ресей мен Беларуське қарсы қосымша санкциялар салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швейцария Федералдық кеңесінің мәліметінше, ел билігі ЕО-ның осындай шешімінен кейін Ресейден көмір жеткізуге тыйым салған. Жаңа санкция бойынша Ресей үшін маңызды кіріс көзі болып саналатын уылдырық, ағаш және теңіз өнімдері сияқты тауарларды импорттауға тыйым салынды.

«Швейцария Ресейдің Украинадағы жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты 27 сәуірде жаңа санкциялар енгізді», – делінген үкімет мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Мәскеуде өнеркәсіптік өндірісті нығайту үшін пайдаланылатын роботтар мен химиялық заттар сияқты швейцариялық тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салынады.

Басқа да қаржылық санкциялар күшіне енеді, соның ішінде, Ресейдің резидент азаматтары үшін Швейцарияда трасттарды тіркеуге тыйым салынады. Швейцария банкноттарды экспорттауға және Беларусь азаматтарына немесе резиденттеріне ЕО-ның барлық валютасындағы бағалы қағаздарды сатуға тыйым салды. Бұған дейін тыйым швейцариялық франк пен еуроға ғана қатысты болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...