Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қоршаған орта тазалығы – біздің міндет

Танымал

Ел аузында

Қоршаған ортаның тазалығы, деннің саулығының кепілі. Осындай ұстаныммен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері айналаны қоқыстан тазарту, көгалдандыру жұмыстарын әдетке айналдырған.
Жалпы өтіп жатқан шара қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбековтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиал қызметкерлері қолдады. «Бүгін біз әріптестерімізбен қала, аудан аймақтарын тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық шараларын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп қосып өтті директор.
Айта кетейік, Түркістан облысы аймағын жинауға 400 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 28000 м2 жерді тазартып, 5 тонна қоқыс шығарды.


Амантай Егембердиев,«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Түркістан облысы бойынша филиалының
ресми өкілі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...