Алматыда 7 мамырда қандай іс-шаралар өтеді?

Танымал

Ел аузында

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматының барлық мектептерінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу және эссе байқаулары өтеді.

Сондай-ақ, Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталады.

Алматыда үш күн бойы, 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі болады.

7 мамырда сағат 16.00-де Республика сарайында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...