Танымал қазақстандық вайнер Желідегі видеодан кейін жауапқа тартылды

Танымал

Ел аузында

Танымал қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вайнер түсірген видео әлеуметтік желіде тараған. Роликте Сека «кедей» жолаушыны жеткізіп салады. Алайда өзі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Желі қолданушылары полицейлер бұл видеоға назар аударып, вайнерді жазалау керегін айтқан. 

Абдрахмановтың мәліметінше, Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.

«Т. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айта кетейін, жолда бұлай жүруге болмайды», – деді Абдрахманов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...