Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Путин 9 мамырда Украинаға соғыс ашады – БАҚ

Танымал

Ел аузында

Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырда Украинаға қарсы соғыс ашуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың CNN телеарнасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелдік телеарна атап өткендей, Путин Жеңіс күнінің символдық мәнін Украинаға қарсы қолданбақ. Путин осы күні ресейлік әскердің Украинадағы жетістігін жария етеді немесе ашық соғыс қимылына барады. 

CNN мәліметінше, Путин 9 мамырда соғыстың басталғанын ресми хабарлап, Ресей халқын жігерлендіріп, қоғамдық пікірді өзгертуге тырысады. 

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайстың айтуынша, Ресей үкіметі 9 мамырда үгіт-насихат мақсатында ресейліктердің Украинадағы арнайы операция туралы ойын өзгертуге күш жұмсайды. 

Батыс және Украина шенеуніктерінің айтуынша, шабуыл басталғаннан бері Ресей кем дегенде 10 мың әскерден айырылды. Ресей Қорғаныс министрлігі 25 Наурызда 1351 әскери адамның қайтыс болғанын жеткізген еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...