Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Сенат референдум туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Танымал

Ел аузында

Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Комитет атынан салыстырмалы кестені қарауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-1-тармағына сәйкес Сенатқа «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына өзгерістерді Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынамын», – деді Сенат депутаты Андрей Лукин.

Құжаттың алдыңғы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты мәселелер республикалық референдум нысанасы бола алмайды.

Сенаторлардың ұсынысы – бұл норманы заң жобасынан алып тастау. Әңгіме қолданыстағы Заңның 3-бабы 2-тармағы туралы болып отыр.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң 1995 жылы қабылданды. Осы кезеңде заңнамалық актілер мазмұнын жақсартуға бағытталған бірқатар өзгеріс болды. Алайда Конституциялық заңның кейбір нормалары ескіргендіктен, ережелер «Құқықтық актілер туралы» заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Заң жобасы республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезінде бюллетеньдерді жарамсыз деп тану қағидалары бойынша өзгерістерді көздейді. Сонымен қатар, референдумға қатысу құқығын іске асыру кезінде азаматтың дауыс беру рәсімі нақтыланады. Бұл ретте, заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтыру енгізу қажеттігі туындады. Түзету «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабына енгізіледі», – деді Андрей Лукин.

Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарап, келіскен жағдайда құжат одан әрі Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...