Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Ішкі істер министрлігі вайнерлер ісін тергеу неге созылып кеткенін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

«Mudarabah Capital» қаржы приамидасына қатысты істе қатысушылардың саны өте көп. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Тергеудің ұзаққа созылуы қаржылық және өзге де құжаттардың өте көп көлемін сараптау қажеттігіне, бірқатар сот сараптамасын тағайындау және жүргізуге, бірнеше тергеу іс-қимылдарын жасау қажеттігі бар процеске қатысушылар санының көптігіне байланысты», – деп атап өтті ІІМ. 

Сонымен қатар ведомство Алматы қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 217-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Тергеу аясында 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта оның 10-ы тұтқынға алынып, екеуіне кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған. Тағы екі адамға халықаралық іздеу жарияланып отыр.

Күдіктілерге қатысты шаралар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабы талаптарын сақтай отырып қабылданған.

Тергеу органы азаматтық талап үкімінің орындалуын, өзге мүліктерді өндіріп алу немесе мүлікті тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында күдіктілердің «ASTEX.KZ» және «ACD technology» ЖШС-леріндегі мүлкін бұғаттады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...