Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

7 жаста мектепке баруға бола ма?

Танымал

Ел аузында

Оқырмандарымыз Stan.kz редакциясына “6 жасар баланы балабақшада қалдырып, 7 жасында бір-ақ мектепке беруге бола ма?” деген сұрақпен жүгінді. 

Ата-аналардың айтуынша, 6 жастағы барлық балалар мектеп жүктемесіне психологиялық тұрғыдан дайын болмайды. Алайда мектепке дейінгі мекемелердің басшылары 6 жастағы тәрбиеленушілерді балабақшаларда қалдырудан бас тартады. Бұл туралы заңда не айтылған?

Білім министрлігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру мерзімін анықтады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) – бағдарламаларды мектепке дейінгі игеру мерзімі – 5 жылды құрайды. 

Министрлік мектеп жасына (алты жасқа) жеткен балалар 1 тамызға дейін балабақшалардан шығарылатынын растады.

«Білім туралы» ҚР Заңының 30- бабына сәйкес мектепалды даярлық 5 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін жүзеге асады. Ал 31 мамырда аяқталады. 

Алайда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша) ағымдағы жылы қыркүйек-желтоқсан айларында 6 жасқа толатын балалар үшін бұл шектеу алынып тасталынған. Яғни, олар балабақшаға немесе мектепалды даярлық сыныбына баруды жалғастыра алады.

Осылайша, егер бала 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толып алса, онда ата-аналар оны 1-сыныпқа беруге мәжбүр болады. 

ҚР Конституциясына сәйкес елімізде орта білім алу міндетті болып табылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...