Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайтадан кезекке тұруға бола ма?

Танымал

Ел аузында

Мемлекеттен жеке тұрғын үй салу үшін тегін алған 10 сотық жер үй салуға жарамсыз болса, қайта кезекке тұруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кезегі жетіп, жеке тұрғын үй салуға жер телімін алғанымен, ол аумақ құрылысқа жарамсыз болып шыққан тұрғындар не істей алады? Мұндай жағдайға тап болған азаматтарға не істеу керегін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов түсіндірді.

«Ондай жағдайда сіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілген жер учаскесінен бас тартып, қайтадан кезекке тұра аласыз», – деп жауап берді ол. 

Ведомство басшысы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер кезегінің сақталуын қай орган қадағалайтынын да түсіндірді.

«Жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға арналған кезек тізімі туралы ақпаратты тоқсан сайын кемінде бір рет арнайы ақпараттық стендте және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға міндетті», – деп жазады Мұрат Теміржанов.

Аталмыш ведомствоның мәліметі бойынша, бұрын 10 сотық жерді біреуден сатып алғандар да тегін жер кезегіне тұра алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...