Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.
Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды «экзистенциал қауіп» жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.
«Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді», – деді ол конгрестегі тыңдауда.
Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ «дәл қазір» Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты.
«Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз», – деді ол.
Бұған дейін Литваның бұрынғы президенті Даля Грибаускайте қазір Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын.