Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27 C
Nur-Sultan
32 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Үшінші дүниежүзілік соғысқа тап болғымыз келмейді – АҚШ

Танымал

Ел аузында

Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды «экзистенциал қауіп» жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.

«Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді», – деді ол конгрестегі тыңдауда.

Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ «дәл қазір» Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты.

«Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз», – деді ол.

Бұған дейін Литваның бұрынғы президенті Даля Грибаускайте қазір Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...