Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук 10 мамырда 89 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды «Украинские новости».

Саясаткер ұзақ аурудан кейін Киев уақыты бойынша сағат 17:00-де қайтыс болған.

Кравчук 1991 жылдың 5 желтоқсанынан 1994 жылдың 19 шілдесіне дейін Украина президенті болған. Сондай-ақ, ол 2020 жылдың 28 шілдесі мен 2022 жылдың 21 ақпаны аралығында Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі байланыс тобының төрағасы қызметін атқарды.

Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Кравчук 12 жыл бойы Жоғарғы Раданың депутаты болған. 2015 жылдан бері «НАТО-дағы Украина үшін қозғалыс» қоғамдық ұйымын басқарған.

2021 жылғы маусымда Кравчукке ота жасалып, Украинаның бұрынғы президентінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Ол өздігінен дем ала алмай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қыркүйекте Кравчук Германияға оңалтуға жіберілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...