Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Әнші Нұрболат Қанай Жамбыл облысында мерт болған сарбазға ән арнады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық әнші Нұрболат Қанай Жамбыл облысында әскери борышын өтеу кезінде көз жұмған ақтаулық Әлібек Қалбайға ән арнап, елдің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қанай Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әнін жаңаша өңдеуде ұсынып, марқұм сарбазға арнап бейнебаян түсірді. Көпшілік әншіні қолдап, оған алғыс-батасын жаудырды.

«Жылаттыңыз, жүрекке жетті», «Жаның Жаннатта болсын, Әлібек. Қазақстанда әділеттік орнасын!», «Мерзімді әскери борышын өтеуге аттанып, 10 күннен кейін көз жұмған 18 жасар Әлібек Қалбайдың рухына ән арнаған QANAY-ға рахмет. Өте ауыр», «Сарбаздарды өлтіруді қойыңыздар. Олар да біреудің баласы, үміті, бақыты мен жай ғана өмірі», «Әскерге жас өрендеріміз шабытпен барып, табытпен қайтып жатыр. Осыдан кейін жастарымыз әскерге қалай барғысы келсін?» – деп пікір білдірді желі қолданушылары.  

Айта кетсек, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлмішесінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз мерт болған еді. Ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін 18 сәуірде барған, бірақ 4 күннен соң жақындарына қаралы хабар жетеді. Қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі өткен аптада туған жері Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылына жеткізілді. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген еді. Көп ұзамай, Айболат Аманжолов күдікті деп танылды. Ал оның анасы президентке видео-үндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, сарбаздың өліміне әскери бөлімшедегі сержанттардың бірі кінәлі болуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...