Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
12.4 C
Almaty
12.8 C
Shymkent

Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр», – деді Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне.

Ер адам оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқанын атап өтті.

«Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын», – дейді ол. 

Сәбит Шонтақбаев қолдап жатқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

«Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс», – дейді ол.

Сәбит қыздың ата-анасымен  әлі кездеспегенін айтты.

«Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын», – деп түйіндеді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...