Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23.7 C
Nur-Sultan
24.3 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді, наурызбен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5 пайызға азайды», – делінген хабаламада.

Сатып алу бойынша ең көп мәміле Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, 6 583 және 5 900 шарт. Наурызда да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығы саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы – 958.

Бюро мәліметінше, қазақстандықтардың көбін көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, барлығы – 38 149 мәміле.

«Көп пәтерлі үйлердегі 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жекеменшік үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген», – делінген хабарламада.

Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 12 пайызға азайған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...