Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі қашан қаралады?

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қашан қарастыру жоспарланып отырғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Адамды зейнетке шығарар алдында оның зейнетақы деңгейін есептеу керек. Кеңесу керек. Адам зейнетке ертерек шықса, зейнетақысы да аз болуы мүмкін. Сондықтан кеңесіп, талқылау керек. Жыл соңына дейін талқылаймыз», – деді Тоғжанов журналистердің сұрағына жауапта. 

Бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстанда қазір ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер – 60,5 жаста шығады. Әйелдердің зейнет жасы 2027 жылға дейін 63-ке көтеріледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...