Денсаулық сақтау министрі зейнет жасы туралы айтты

Танымал

Ел аузында

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық әйелдердің зейнет жасын 63-тен 58-ге дейін төмендету талабының негізділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық әйелдердің медициналық көмекке қаншалықты жиі жүгінетінін және денсаулығына байланысты 63 жасқа дейін жұмыс істеу қаншалықты қиын екенінің талданбайтынын ескертті. Сонымен қатар ол әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары екенін атап өтті.

«Егер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жұмыс тобын құрса, біз міндетті түрде атсалысып, қандай мәселе екеніне байланысты мамандарды тартамыз. Әйелдерге келетін болсақ Қазақстандағы олардың өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда тоғыз жылға артық деп айта аламын», – деді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...