Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Доллардың қысымымен алтынның бағасы төмендеді

Танымал

Ел аузында

Сауда нәтижелері көрсеткендей, алтынның бағамы 1 808,85 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Прайм» агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу уақытымен 8:26 (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:26) жағдай бойынша Нью-Йорктің Comex биржасында алтынның маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 10,14 долларға немесе 0,55%-ға төмендеп, 1 808,85 долларды құрады. Шілдедегі күміс фьючерстері 0,99%-ға төмендеп, 21,535 долларды құрады.

АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл доллар индексі 0,07 тармаққа көтеріледі деген еді. 

Сәуір айының соңында АҚШ президенті Джо Байден Америка экономикасының құлдырауынан қорықпайтынын айтты. Осыдан кейін мамырдың басында ФРЖ инфляциямен күресу үшін базалық мөлшерлемені 50 базистік тармаққа, 0,75-1%-ға дейін көтерді. Содан бері алтын доллардың көтерілуінен қысымға ұшырады.

Сәуір айының соңында баға белгілеулері $1,900, ал 13 мамырда $1,800-ды құрады сынады, бірақ содан кейін сәл жоғарылады.

Ал мамыр айының басында бүкіл әлемдегі секілді Қазақстанда да алтынға деген сұраныстың  өскені байқалды. Сарапшылардың мәліметінше, тек 2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар жалпы салмағы 167,2 келі болатын 8,3 мың алтын құймасын сатып алған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...