Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланады?

Танымал

Ел аузында

6656 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командирі Марат Рахпанов Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланатынын айтты, – деп хабарлайды «Лада»

Рахпановтың сөзінше, бүгінде сарбаз Бағлан Әділбеков әскери бөлімде. 

«Қатардағы қызметкер заңсыз қарым-қатынас деректері болмағанын айтып отыр. Ешқандай наразылығы жоқ. Ол ата-анасымен кездесті, олардың да ешқандай наразылығы жоқ», – деді командир. 

РЕКЛАМАtoimart.kzПерейтиРЕКЛАМА

Басылым мәліметінше, қызметтік тергеу басталды. Істің жай-жапсары анықталады. 

«Қылмыстық іс жоқ. Ол не әкімшілік тәртіпте жазаланады, не тәртіптік жазаға тартылады. Қандай жағдай болса да бұл әрекет үшін жауапкершілік шарасы бірқатар лауазымды тұлғаға жүктеледі», – деді Рахпанов. 

Еске салайық, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын. Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалған. Артынша, inAktau басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, әскерден қашып кеткен сарбаз табылғанын хабарлаған болатын. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Бағлан Әділбеков табылғаны туралы ақпаратты растады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...