Ерлан Алдажұманов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).

Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы – директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. Орден және медальдармен марапатталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...