Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Жақын арада бастамашыл топ тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.

Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов баспасөз конференциясында «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының қайта құрылғаны туралы хабарлады. Жақын арада бастамашыл топ тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.– Біз диалог алаңын құрып, қоғамның әрбір мүшесін шақырамыз, қуатты Қазақстанды құруға арналған бағдарлама жасадық. Біздің мақсатымыз – кемшіліктерді талдап, ертеңге қажетті қадамдар жасау керектігін түсіндіру, – деп мәлімдеді Сүлейменов.

Еске салайық, бұған дейін партия басшылары негізгі бағдарламалық міндеттерін айтқан болатын:

  • 1) ҚР Конституциясының 6-бабына өзгерістер енгізу, онда «халықтың басты меншігі жер және оның қойнауы болып табылады және бұл меншік әрқашан халыққа тиесілі» деген тіркес жазылады;
  • 2) Қазақстанның әрбір азаматы үшін Қазақстан аумағында өндірілетін мұнайды, газды, алтынды, мысты, алюминийді және басқа да пайдалы қазбаларды сатудан мемлекеттік аударымдар үшін дербес банктік шот ашу;
  • 3) Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарын мемлекет есебінен тегін кепілдікті тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • 4) Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тегін мектепке дейінгі, кәсіптік және жоғары білім беруді белгілеу бөлігінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу;
  • 5) ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға шешім қабылдайтын Қазақстанның әрбір азаматына жеке меншікке жер телімін тегін бөлуді қамтамасыз ету.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...