Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Элизат Беріковаға әлдебіреу қоқан-лоққы көрсетті

Танымал

Ел аузында

КешYou-дің бұрынғы әншісі Элизат Беріковаға әлдебіреу қоқан-лоққы көрсетті. Белгісіз біреу Элизатқа хат жазып, белгіленген мекен-жай бойынша келуді сұраған. Кері жағдайда сән салонын өртеймін деп қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті. 

«Осыдан 4 күн бұрын біреу адрес жазып: «Сол жерге кел немесе салоныңды өртеймін», – деді. Мен, әрине оны бұғаттадым. Бұл ақымақ мені келеді деп ойлады. Енді жазып тұрғанын қараңыздар»,-  дейді Берікова.

Хат иесі әншіге берілген уақыттың аяқталғанын, енді берген уәдесінде тұратынын ескерткен. 

«Уақытың бітті, Элизат. Айтқан жерге келмедің. Маған қоңырау шалып, келдім деп, енді біттім дей бер. Полиция саған көмектесе алмайды. СОБР және ОМОн-мен қосып қиратамын», – деп жазған әншіні қорқытушы азамат. 

Берікова бұл жағдайда «не күлерін, не жыларын білмегенін» айтады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...