Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл беруге бола ма – Білім және ғылым министрлігі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Соңғы қоңырау қарсаңында ұстаздарға гүл беру заңбұзушылыққа жатпай ма? Білім және ғылым министрлігі жыл сайын қойылатын сауалға жауап берді. 

«Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма және ол заңбұзушылыққа жатпай ма?» деген сауал туындайды. Біздің ұстанымымыз бойынша болады. Себебі бұл игі дәстүр», деді мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Каримова. 

Айта кетейік, биыл соңғы қоңырау 3,5 млн қазақстандық оқушы үшін соғылады. Олардың ішінде 170 мың түлек мектеп бітіреді. Аттестатты салтанатты табыстау рәсімі 16-17 маусым күндері өтеді. 

Ал еліміздің барлық жалпы білім беру мектептерінде Соңғы қоңырау рәсімін бір уақытта өткізу жоспарланып отыр. Салтанатты шараға мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, ата-аналар, педагогика ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, қамқорлық ұйымдарының өкілдері, білім және ғылым министрлігі, облыстық, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалық білім беру басқармалары, білім беру бөлімдері, мемлекеттік органдар мен т.б. қатыса алады. 

Бітіру кештерін білім беру мекемелері ұйымдастыруы тиіс.

Сондай-ақ:

ақыға аниматорлар, мерекелік агенттіктер, әртістер мен жекелеген студияларды шақыруға;

мерекелік дастархан ұйымдастыруға; 

прокатқа автокөлік алып, қалада (ауданда) экскурсия жасауға; 

мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинауға; 

бітіру кештерін көңіл көтеретін орындарда ұйымдастыруға тыйым салынады

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...