Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанда утильалымнан 700 миллиард теңге жиналуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Экология министрі Серікқали Брекешев биыл қазақстандықтардың кәдеге жарату төлемдерінен шамамен 700 миллиард теңге жиналатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр кәдеге жарату төлемдері бойынша алынатын барлық сомадан шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге кететінін мәлімдеді.

«Одан бөлек, істен шыққан автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға шамамен осындай қаражат кетеді. «Жасыл даму» өзінің инвестициялық саясаты негізінде жұмыс істейтінін тағы да айтқым келеді. Алдына ала болжам бойынша биыл 690-700 миллиард теңге жинау жоспарланған», – деді министр.

Бұған дейін министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасаған. 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...