Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі полиция генерал майоры Жайлаубек Халықұлының ұсталғанын мәлімдеді. Ол жемқорлық бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, генерал-майор алдау арқылы өзге азаматтың ақшасы мен мүлкін алды деп күдікке ілінген.
«Жайлаубек Халықұлы соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді. Сол күні Халықұлы ұсталып, изоляторға қамалды», – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы 2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаментін басқарған.