Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.8 C
Nur-Sultan
25.9 C
Almaty
32.7 C
Shymkent

Алматыда полиция генерал-майоры тұтқындалды

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі полиция генерал майоры Жайлаубек Халықұлының ұсталғанын мәлімдеді. Ол жемқорлық бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметінше, генерал-майор алдау арқылы өзге азаматтың ақшасы мен мүлкін алды деп күдікке ілінген. 

«Жайлаубек Халықұлы соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді. Сол күні Халықұлы ұсталып, изоляторға қамалды», – делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы 2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаментін басқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...