Маусымда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үш пойызы іске қосылады. Олардың бағыты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатылған болатын, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
2 маусымнан бастап Қарағанды – Самара № 84/83, 3 маусымнан бастап Қарағанды – Омбы № 145/146 және 6 маусымнан бастап Алматы – Қазан № 113/114 пойызы жүреді.
Сонымен қатар, ресейлік тасымалдаушының мәліметінше, 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін бірқатар пойыз жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін Петропавл станциясында қайта аялдайды.
«Мысалы, Петропавл станциясынан және одан билеттерді қазір № 59/60 Новокузнецк – Кисловодск, № 97/98 Тында – Кисловодск, № 123/124 Новосибирск – Белгород, № 127/128 Красноярск – Адлер, № 203/204 Томск – Анапа, № 205/206 Иркутск – Анапа, № 269/270 Чита – Имеретинский курорты және басқа пойыздардың жолаушылары сатып ала алады», – делінген сайтта.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь) азаматтарына Ресей аумағына кіру үшін ПТР-тест анықтамасы мен вакциналау паспорты талап етілмейді. Қазақстанға келетін барлық жолаушы теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын (шекараны кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспаған) немесе соңғы компонентті енгізген сәттен бастап алты айдан аспайтын мерзімге вакциналаудың немесе ревакциналаудың толық курсын растауы тиіс.