Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда зейнеттегі әскери қызметшілерге жеткілікті шекке қарамастан, зейнетақы жинағының жартысын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнетақы заңнамасында болған негізгі өзгерістер – әскери қызметшілердің мемлекеттік бюджет есебінен ортақ зейнетақыға көшуі. Бимолдиннің айтуынша, бұрын бұл жинақтаушы жүйе есебінен жүзеге асырылған.

«Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағының қалдықтарын жеткілікті шекке қарамастан, 50 пайыз мөлшерінде пайдалану құқығы берілді. Әскери қызметшінің үш миллион жинағы болса, онда ол бір жарым миллионды мемлекет көздеген бағыттарға пайдалануға құқылы», – деді Бимолдин.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілген.

Еске салайық, бұған дейін елімізде әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаятыны хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...