«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қазақстанда оқу гранттары үшін 378 миллион теңге бөледі. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бізге ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуде қиындықтары бар жастардан, студенттерден 1,5 мың өтініш келіп түсті. Біз оларға көмектесуді ойлап, оқу ақысын төлей алмайтын аз қамтылған отбасыдан шыққан және ауыл мектебін бітірген түлектер үшін осы бағдарламаны бекіту туралы шешім қабылдадық. Бұл контингент тек қаржылық жағдаймен ғана байланысты емес, жетім балалар, мүгедіктігі бар балалар да бұл грантқа үміткер бола алады», – деді Болат Жәмішев брифинг барысында.
Қор серіктестік орнатқан 85 жоғарғы оқу орнының әр қайсысына үш гранттың ақысын төлеп береді. Барлық 360 гранттың 100 гранты университет қабырғасында білім алып жатқан, алайда оқу ақысын төлеуде қиналатын студенттерге берілмек.
«Бірақ үміткерлерді осы салада жұмыс істейтін, студент жастар туралы білетін қайырымдылық ұйымдары іріктейді», – деді Жәмішев.
Жыл сайын бағдарлама бюджеті өсе бермек. Грант төрт жылға, бакалавриат бойынша білім алатын студенттерге арналған.